Ұлттық валютаның 30 жылдығымен және Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті бурабайлықтар!

Сіздерді Ұлттық валюта — теңгенің 30 жылдығымен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын.

Бұл күн Қазақстан тарихындағы ең айтулы күндердің бірі, ал теңге — еліміздің мемлекеттілігінің маңызды атрибутына айналды.

Теңгенің енгізілуі біздің елімізге ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша маңызды қадамдар жасауға мүмкіндік берді, дербес ақша-кредит және бюджет-салық саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.

Бүгінде қаржыгерлердің алдында ақша ресурстарын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсаудың тиімділігін басқару, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттер үшін кіріс көздерін дамыту бойынша күрделі міндеттер тұр.

Осы ауқымды міндеттерді іске асыруға ауданның қаржы жүйесінің қызметкерлері, тәжірибелі, өз ісіне адал, жоғары білікті мамандар өз үлестерін қосуда.

 Құрметті жерлестер! Ауданның тиімді дамуы Сіздердің кәсіби шеберлігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты.

Адал еңбек алдағы уақытта да экономиканың өсуіне және аудан тұрғындарының әл-ауқатының артуына септігін тигізетініне сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін!

А. Садықов, Бурабай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA