Еліміз егемендігін алып, еңсесін жазып, өз алдына дербес мемлекет болған кезде Үкімет басшылары тұңғыш рет төл теңгемізді шығарды. Иә, одан бері де отыз жыл уақыт зыр етіп өте шығыпты. Алғашқы валюта халықтың қолына тиген кезде, бодандықтың бұғауынан босап, егемендіктің самалымен тыныстаған ел, қаншама ғасырдан бері армандаған асуына жетіп бір арқа-жарқа болды. Аз жылдың ішінде саяси тұрақтылықты мұрат қылып, әлемнің дамыған елдерімен ортақ келісім арқылы, экономикасын түзеп, еңсесін тіктеп алған елімізде, оң өзгерістер жыл өткен сайын көбейіп жатыр. Биылғы жылы айрықша мереке, ол ұлттық валютамыздың — 30 жылдық мерейтойы.

Осыған байланысты Оқжетпес Мәдениет үйінде Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Жиынға ауданымыздағы қаржы саласының қызметкерлері қатысты. Алдымен Алтынбек Сүлеев есімді студент өзінің жеке шығармасынан «Төл теңгеміз туралы» керемет өлеңін оқып, жиынның шымылдығын ашты.

Аудан басшысы Арай Серікбайұлы қаржы саласында қызмет атқарып жүрген барлық маман иелерін төл мейрамдарымен құттықтап, төл теңгеміздің отыз жылдық мерейтойын тілге тиек етіп, ауданымыздың экономикасы жайлы да қысқа шолу жасады. Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының «Алғыс хатымен», Бурабай ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» қаржы саласындағы аға менеджерлері мен есепшілерге салтанатты түрде табыс етті.

Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

«Бурабай -ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA