Кеше 27 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери колледжінің салтанат залында аудан әкімі А.С. Садықовтың қатысуымен жаңа жылдық шырша болып өтті.
Аудан әкімі құттықтау сөзінде барша қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, оларға денсаулық, мол табыс тіледі.
Әдеттегідей өнерпаздар өнер көрсетіп, ән шырқалып, би биленді. Жаңа жылдық шыршада аудан атынан олимпиадаларға, ғылыми жоба қорғаған оқушылар, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған дарынды балалар қатысты.
Бурабай ауданы әкімінің баспасөз қызметі