Бурабай ауданында жергілікті әкімдердің халыққа кезекті есеп беру кездесуі жүріп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін Атамекен, Кенесары, Веденов, Златополье ауылдарында аудан әкімі Арай Садықов халықпен кездесіп, ауыл әкімдерінің кезекті есебін тыңдады. Cоңғы жылдары ауылға айрықша көңіл бөлініп, инфрақұрылымының дамуына сонымен қатар ішкі көркейіп, гүлденуіне аудан және облыстық бюджеттен қаражат бөлініп жатыр.
Қаншама ауылдарға спорт алаңдары ашылып, халық игіліне жарап тұрғандығын ел біледі. Сонымен қатар көшелеріне жарық орнатылып, жолдары жөнделіп жатыр. Дейтұрғанмен, ел болған соң мәселе де жоқ емес. Жайылымдық жер, ауыз су, т.б. ұсақ-түйек мәселелер күн тәртібінде тұр. Бұл қаншама жылдан бері халық арасында көтеріліп келе жатқан мәселелер. Біртіндеп уақыт көшімен өз шешімін табатындығына ел сенеді. Кейбір ауылдарда дәрігерлер жетіспей жатыр. Бурабай ауданы бойынша дәрігер мамандығынан кадр тапшылығы болып жатқандығы жайлы аудан басшысы кезекті есеп беру жиынында айтып, халыққа түсіндірді. Сонымен қатар аудан әкімінің есебіне, Бурабай ауданының бірқатар бөлім басшылары да қатысып, халықты мазалайтын сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтар.
Жолдарды күтіп ұстау және жөндеу, электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді күн тәртібіне қойып, алдағы уақытта оң шешімін шығарамыз деп сендірді аудан басшысы Арай Садықов.«Бурабай-ақпарат