Қазақ жігітінің бойында қашан да алғырлық, ептілік болуы шарт. Кезінде кең даланы алакөз жаудан қазақ жігіттері аттың жалында, түйенің қомында жүріп, жат қолына «сүйем жер бермей» сақтап қалды. Қазір, тәубе, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбітшілік заман. Қазақ азаматы бойындағы білімі, ұшқырлығымен қатар көрегендігі, ірілігімен көзге түседі.

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Жігіт сұлтаны Бурабай -2024» атты жас жігіттердің арасында сайыс болып өтті. Сайысқа мектептің жоғары сыныптарының оқушылары мен студенттер және мектепке жаңадан қызметке тұрған жас ұстаздар қатысты. Сайыс төрт кезең бойынша өткізілді. Сайдың тасындай азаматтар алдымен өздерін таныстырды. «Сегіз қырлы, бір сырлы» шарты бойынша бойындағы өнерлерін ортаға салды.

Кім мықты шарты бойынша 16 кг кіртасын көтеру, жігіттің білек күшін сынау.

«Ата баба мұрасы» бұл жерде сонау ықылым заманнан бері келе жатқан қазақ халқының ұлттық дәстүрі яғни қолөнер шеберлігін ортаға салу. Иә, сайысқа қатысқан бес жігіттің барлығы сахнада бойларындағы өнерлерін көрсетіп бақты. Жігіт сұлтанынан бақ сынаған алты жігіттің өнерін қортындылаған әділ қазылар алқасы бас жүлдені Жоғары техникалық колледждің атынан қатысқан Диас Айтжановқа табыстаса, І-дәрежелі дипломды Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің кадеті Біржан Көлбаевқа, ІІ-дәрежелі дипломды Тимур Әбішевке, ІІІ-дәрежелі дипломды Әлішер Баймұхановқа табыс етті. «Сегіз қырлы бір сырлы» номинациясына Юрий Лугинин қол жеткізді.

Мерекелік шараның соңы жергілікті өнерпаздардың өнерімен түйінделді.

Ж. Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района