8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Қымбатты әйелдер!
Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі ана мен баланы әлеуметтік қорғау болып айқындалған, гендерлік саясат мәселелеріне, әйелдер мен отбасының бастапқы әлеуметтік институт ретіндегі мәртебесін арттыруға үлкен мән беріліп келеді.
Осы мақсатта әрбір отбасы, бірінші кезекте әйелдер мен балалар өмірінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты бағдарламалар әзірленіп, жүйелі түрде іске асырылып келе жатыр.
Нәзік жандылар ауданымыздың барлық салаларында еңбек етеді. Кәсіпкерлік қызметте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық өмірде әйелдердің рөлі біз үшін аса маңызды. Өйткені қоғамның негізін рөлін атқаратын әйелдер қауымының іскерлігі сонымен қатар өмір сабақтастыратын тіршіліктің дәнекері екендігін айтқым келеді.
Табандылықтың, мақсаткерліктің, даналықтың және орасан оптимизмнің арқасында сіздер әйелдер, жалпыға ортақ құрмет пен мойындалуға қол жеткіздіңіздер. Сіздер тек тамаша жұмыс істеп қана қоймай, жаңа жобаларды ерекше жасап, жүзеге асыра аласыздар.
Құрметті әйелдер, сіздер қоғамдағы үйлесімділікті, келісім мен тұрақтылықты бекітетін біздің қоғамның өзегі болып табыласыздар. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға шабыт, отбасыңызға мейірімділік тілеймін. Осы мереке күндері ғана емес, шаттыққа, қызыққа толы күндеріңіз көп болсын, амандық пен бақыт аясында жарқырап жүре беріңіздер!
Арай Садыков,
Бурабай ауданының әкімі