Сіздерді гүл көктемнің алғашқы мерекесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мереке — 8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Ана — өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел табиғаты тұтас құдіретке толы тылсым дүние. Отбасының оты да, Отанның бүтіндігі де ең алдымен ананың ақ пейілінен бастау алады. Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем. Ендеше осы бір кең ниетті көктеммен бірге келген әсем мерекеде Сіздерге тек ізгілік тілеймін! Өздеріңізге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан талмай жүре беріңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат төрағасы