Қардың еруі мен еріген судың басталуына байланысты су тасқыны кезеңіндегі қиын жағдай ушыға түсті.
Су тасқыны нәтижесінде ауыз су көздерінің (құдықтар, бұлақтар, ұңғымалар) еріген сумен және ағынды сулармен жаппай ластануы орын алады. Соның салдарынан олар «А Вирусты гепатиті», «Бөртпе сүзегі», «Ротовирусты инфекция», «Дизентерия», «Холера» сияқты ауруларға алып келеді.
Осыған байланысты сізге келесі ережелерді ұсынамыз:
— ішу және тамақ дайындау үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
— белгісіз көздерден су ішуге болмайды, әсіресе су басқан жерлерде;
— тасқын суы сіңген азық-түлік өнімдерін қолданбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен тасқын суларының қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
— дәретханаға барғаннан кейін тамақты дайындап, жемес бұрын қолыңызды сабынмен жуыңыз;
— су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу;
— жұқпалы аурулардың белгілері байқалса (қызба, жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс, бөртпе және т.б.) дереу медициналық мекемеге хабарласу керек.
Ақмола бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы