Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті бурабайлықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл Қазақстан Республикасындағы маңызды мерекелердің бірі, ол біздің көпэтносты қоғамымыздағы бірлікке, бейбітшілік пен келісімге үлкен мән берілетінін атап көрсетеді.

Біздің басты құндылықтарымыз достық, толеранттылықты сақтап, ынтымақтастықпен әрдайым Қазақстанның игілігі мен гүлденуі жолында еңбек етіп, келешекке нық қадам басу.

Бүгінде біздің ортақ міндетіміз — адал еңбек етуді жалғастырып, бірлік пен келісімді сақтап, өз үлесімізді қоса отырып, сенімді түрде алға жылжу. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, туған өлкеміздің одан әрі табысты дамуына, құрған жоспарларымызды жүзеге асыру және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін барлық жағдайды жасай алатынымызға сенімдімін.

Қымбатты жерлестер! Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, сәттілік, бақыт, бейбітшілік жолында табыстар тілеймін!

Отанымыз аман, татулық пен бірлігіміз жасай берсін!

Арай Садыков,

Бурабай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA