Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1-мамыр — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы.

Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық — біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету — әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бейбітшілік пен тұрақтылық — жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет.

Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз — молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

М. Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA