Ақынын ардақтаған ел бақытты

Биыл 15 қазанда қазақ ақыны, драматург және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады.

Атаулы датаға орай, мемлекет қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты 3 бірдей туынды жарық көреді. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин атындағы музейдің директоры Марат Әбсеметов мәлімдеді.

Сәкен Сейфуллин – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушы. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды. Оның публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі зор.

Ақын, жазушы, публицист, драматург көрнекті мемлекет қайраткері халық композиторы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай оның өмірімен, шығармаларымен таныстыру мақсатында Бурабай үлгілі кітапханасында ашық аспан астында «Сұлу жырдың сұңқары» атты әдеби круиз ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ақын, жазушының өмір-жолымен таныстырылды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Қахарманова Райхан Қаратаевна «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқыды.

Іс-шара соңында жазушының шығармаларымен таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA