«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік қызмет бойынша «Үздік әлеуметтік жұмыс маманы» атағына байқау өткізілді. Бұл байқауда 10 әлеуметтік орталықтың мамандары қатысып, бақ сынасты. Сайыс барысында олар әлеуметтік қолдауды қажет ететін түрлі санаттағы адамдармен жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін, білімі мен тәжірибесін көрсетті.

Байқаудың әрбір қатысушысы қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдармен өзекті мәселелерді шешу жолында, осы саладағы міндеттерді, сондай–ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған өз портфолиосы мен жобасын кеңінен таныстырып өтті. Қызмет көрсетудегі барлық стандарттарын білу жөніндегі сұрақтарына нақты, әрі орынды жауап беру арқылы өз кәсіби шеберліктерін дәлелдеді. Тәжірибелі мамандардан құралған сарапшы қазылар алқасы қатысушылардың баяндамаларын бағалап, үздіктердің үздігіне таңдау жасап, өздерінің әділ шешімдерін жасады.

Ақмола облысының әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С.Рахматуллина сөз  кезегінде «Үздік әлеуметтік қызметкер» байқауын ұйымдастыру бұл әлеуметтік қызмет саласындағы мамандардың жетістіктерін анықтауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби ой-өрістерін кеңейтуге, сондай-ақ жаңа қырынан ашылуға ықпал ететін мүмкіндіктердің бірі екен алға тартты.

Осындай форматта өтетін жарыстар неғұрлым тұрақты жүргізілетін болса, соғұрлым  қызметкерлердің білім деңгейі мен сапасын арттыруға үлкен септігін тигізетінін айтып, үлкен сенімін білдірді.  Барша қатысушыларға өзінің ыстық ықыласын айтып, жеңімпаздарды құттықтап марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» атағының жеңімпазы болып,1-ші орынға «Жақсы Жаңғыстау» Шаңтөбе кентіндегі АӘҚК орталығы» КММ-нің маманы  Ералина Сақтағанқызы ие болды, 2-ші орын – «Бұланды ауданы Купчановка ауылының АӘҚК орталығы» КММ-нің маманы Карлова Татьяна Владимировнаға берілді, ал 3-ші орынды «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, АӘҚК орталығы» КММ-нің маманы Ахметова Алмагүл Қуандыққызы иеленді.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және

әлеуметтік  бағдарламаларды үйлестіру басқармасының

«Бурабай ауданы, Щучинск қаласы арнайы

 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әкімшілігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA