Жас дәрігер Дархан
Қарағанды қаласындағы медициналық университетті аяқтап, Астана қызмет атқарған Ақмола облысы Ақкөл ауданының тумасы Дархан Төлеуұлы Сүлейменов, бүгінгі күні Щучинск қаласындағы «Бурабай Авиценна» ЖШС-нің терапея бөлімінде терапевт болып қызмет атқарады. Қолы епсекті, шипалы алақан иесі Дархан Төлеуұлы, жас болса да, өз ісінің білгір маманы. Әрдайым алдына ем іздеп келген сырқат жандарды жылы қабылдайды. Дәрігер Дархан Төлеуұлын алда келе жатқан ақ халатты абзал жандардың төл мерекесімен құттықтай отырып, әрдайым елдің алғысын алып, өсіп-өркендей беріңіз деген тілегімізді айтқызымыз келеді.
«Жас келсе іске» деген данышпан халқымыз. Жұлдызыңыз жанып жоғарлай беріңіз!
Ж. Оспанов