Бурабай ауданында әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету шеңберінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін бағдарламалар іске асырылуда:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – бұл ақшалай түрдегі төлем, жан басына шаққандағы айлық орташа табысы кедейлік шегінен төмен адамға немесе отбасына беріледі – 2024 жылы барлығы 90 отбасы (385 адамға) тағайындалды, оның ішінде 21 көп балалы отбасы (142 адам);
АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакет (МСАК) тағайындау: жыл басынан бері 79 отбасына 1 жастан 6 жасқа дейінгі 133 балаға МСАК тағайындалды.
Сондай-ақ 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе күндізгі студент бірге тұратын көп балалы отбасыларға олар 23 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақылар төленеді. Төлемдер мөлшері балалар санына байланысты сараланған және 2024 жылы мыналарды құрайды:
– 4 баламен – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
– 5 баламен – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
– 6 баламен – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
– 7 баламен – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
– 8 және одан да көп балалармен – 4 АЕК-тен немесе әр балаға 14 768 теңгеден.
6 бала туған және тәрбиелеген көп балалы аналарға «Күміс алқа», ал 7 және одан да көп бала туған және тәрбиелегендер «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталады. Сондай-ақ, олар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы.
Сонымен қатар, Бурабай ауданында «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау қызметін көрсететін «Бурабай ауданының отбасыларын қолдау және сүйемелдеу орталығы» ҚММ ашылды. Түрлі қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік көмек, белсенділікке, өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі қамтамасыз етуге ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылармен кеңес беріледі. Бұдан басқа, орталықта отбасы институтын нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер арқылы оларға отын, киім және азық-түлік себеттері түрінде материалдық көмек көрсетіліп жатыр.
Көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін түрлі ойын-сауық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Төлекенова Гүлден Қанатқызы
Көпбалалы ана