Қымызын-ай ауылында мешіт ашылды

Қасиетті Көкшетау. Бурабай… Көкшенің құзы алыстан мұнартып, жер ананың бойы жіпсіп рақаттанып жатқан айрықша күн болды. Толқындары жағаны сүйіп аймалап жатқан Айнакөлдің беті күн нұрымен шағылысып ерекше реңге кірген. Беталысымыз Қымызын-ай ауылы. Кезінде бал қымызымен аты шыққан Қымызын-ай ауылы тоғыз жолдың торабында түйіскен ауылдың бірі.

Қазірдің өзінде мал шарушылығын дамытып, желіге бие байлап, үйір-үйір жылқы ұстап, атам қазақтың со-нау кезінен келе жатқан игілікті дәстүріне сызат түсірмей отырған ауыл екендігін ел жақсы біледі. Бүгін бұл ауылда үлкен есте қаларлық той, салтанатты жиналыс. Ауылда Алланың ақ үйі мешіт ашылғалы жатыр.

Осыдан екі жыл бұрын қымызнайлықтар қасиетті Рамазан айында ауылға мешіт салу туралы ақылдасады. Аға буын мен жастар, ауылдан шыққан кәсіпкер азаматтар ортаға өз ойларын салып, бірлесіп жаңа мешіттің бой көтеруіне ортақ келісімге келіп, сөз байласады. Сөйтіп барып ел жұмыла кетеді. Мешіттің іргесі қаланады. Бой көтереді. Міне ризық несібесі артқан ауыл екі жылдың көлемінде мешіттін есігін айқара ашып бүгін лентасын қимақшы.

Жан-жақтан ағылған көліктерде шек жоқ. Бәрінің бағыты Қымызнай ауылы.

ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша және облыстық орталық «Науан Хазірет» мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит, Бурабай ауданының имамы Жаслан Ертихалов, Зеленобор селолық округінің әкімі Мәди Баженовтер қатысып, құттықтау лебізін білдірді.

Ауыл ақсақалдары, ақ жаулықты аналар. Қымызынайлық азаматтар барлығы бір-бірін жаңа мешіттің ашылуын құттықтап ортаға өз ойларын салып, салиқалы пікірлерімен бөлісті.. Алыс-жақыннан келген қадірлі меймандар мешіттің ішін аралап көріп, алғыстарын айтып жатыр.

Алланың ақ үйінің есігі айқара ашылып салтанатты түрде лентасы қиылды. Иә, бұл мешітті негізінен қымызынайлықтар жұмыла көтерген жүк жеңілмен өз күштерімен салып отыр. Дейтұрғанмен есімдерін атап кеткеніміз де жөн болар Серікбай Қабдуллин, Дайырбек Уайысов, Әділхан Әбішов есімді азаматтардың есімін атап кетсем,-дейді қымызынайлық Нұрбек есімді азамат, себебі көбіне осы азаматтар қашан мешіт құрылысы аяқталғанша ештеңеден аянып қалмады,-деді.

Салтанатты жиын соңында ақ мешіттің ішінде арнайы намаз оқылып, ас берілді.

Еліміз егемендігін алып, еңсесін жазған сәттен бастап дініміз ортамызға келіп, рухымыз көтеріліп егемендігімізді алған тұстан бастап, елімізде қаншама мешіт, медреселер ашылды. Міне солардың қатарына Бурабай ауданы, Қымызын-ай ауылынан тағы да біреуі қосылып отыр.

Алланың жердегі салауат айтар ақ мешіті құтты болғай, қымызнайлықтар! «Бурабай-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района