Жерлестеріміз жеңімпаз атанды

 Астана қаласында үстіміздегі жылы маусым айының 15-19 аралығында тоғызқұмалақтан 13, 14, 15 жас арасындағы Қазақстан Республикасы оқушыларының 12-жазғы Гимназиядасы аясында жекелей-командалық жарыс өткізілді.

Ақмола облысының намысын «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында тәрбиеленіп жүрген № 7 мектеп-лицейінің оқушылары ойдағыдай қорғап, Ақмола облысының тарихында алғаш рет  ІІ-ші орынға ие болды.  Команда құрамы: Ерлікұлы Асылжан, Нургалиев Нурамир, Курмангалиева Жанель, Мұрат Айдана, Абиева Ханшайым, Камиденова Жанель. Жекелей есепте: Курмангалиева Жанель чемпион, Абиева Ханшаим күміс жүлдегер, Ерлікұлы Асылжан және Нургалиев Нурамир қола жүлдеге қол жеткізді.

Команданы жарысқа әзірлеген  Әбілқасов Жұматай Базарұлы екендігін көпшіліктің есіне саламыз.

Жеңімпаздармен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым жұлдыздарыңыз жоғары болғай!

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района