Президент «Әрбір өңір уақыт талабына сай, таза болуы керек» деп барлық өңір басшыларына тапсырма жүктеді. Иә, бұл тапсырма жеке бір адамға ғана жүктелген жоқ, халық боп, ел боп жұмылып, өзіміз тұрып жатқан қаланың көшесін, ауылдың барлығын таза ұстап отырсақ, өзімізге де жақсы ғой.

Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Әрине таза сенбіліктер ұйымдастырылып, қаланың ішіндегі қоқыстардың біразы сыртқа шығарылды. Жалғыз аудан орталығы ғана емес ауыл тұрғындары бұл акцияға белсене араласты.

Көлдердің жағалаулары тазаланып, бұлақ көздері ашылып, қаланың көшелерін тазалау жұмыстары қарқынды жүрді.

Елдің ісі мен басбірлігі осындайда көрінеді ғой. Қаланың барлық тұрғындары көшенің тазалығына аса ыждаһаттылықпен мән беріп күрек, тырнауыштарын алып шығып тазаласа, басқалары өсіп тұрған ағаштарды әктеп, шарбақтар сырлады.

«Таза Қазақстан» акциясы ауданымызда әлі жалғасын тауып келе жатыр. Осы аптада Щучинск қаласындағы қалалық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері тоғыз жолдың торабы түйісетін Щучинск қаласының ішкі тазалығына көңіл бөліп, арам шөптерді отап, көшелерді тазалады.

Айтпақшы көпшіліктің есіне салып өтейік. Көктемнің алғашқы айында қаланың ағаштарды сирету жұмыстары жүргізіліп, көшелер қалыпқа келтірілгендігін ел жақсы біледі. Алдағы уақытта әлі де ауқымды жұмыстар атқарылатындығына сеніміміз мол.

 

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района