… Тұңғыш рет көрдім. Телеарнадан көргеніміз бір басқа. Ал көзбен көріп, көңілге түйгеніміздің жөні басқа екен. Риза Сатыбалдинова сахнаға «Жетіген» аспабымен шықты. Әні де, әуені де, үні де айрықша екен. Бурабайлықтар дуылдасып қошемет қылды. Иә, Риза Оразбекқызы қазақтың қандай аспабы болса еркін меңгерген жанның бірі. Сонымен қатар, шәкірт тәрбилеп шәкірттерінің бағын ашып жүрген талантты жан екендігін елдің барлығы жақсы біледі.

Қазақтың тектілері мен дегдарлары шыққан Шығыс облысының тумасы. 2013 жылдан бастап «Оқжетпес сазы» балалардан құралған домбырашылар ансамблінің жетекшісі.

Кезінде еліміз тәуелсіздігін алып, бодандықтан, бұғаудан босап өз алдына еркін ел, Тәуелсіз Қазақстан боп жатқанда, жергілікті басшылардың қолдауымен Нұрлыбек Байшұңғұловтың жетекшілігімен қызметке кірісіп Бурабай төңірегін ән мен күйге бөлеген «Көкше әуендері» фольклорлық ұжымында бес жыл бойы Риза Сатыбалдинова жетекшілік етті.

Талай талантты азаматтың жұлдызы жанды,

Ел әуеніне елтіп, әніне сүйсініп тыңдады.

«Оқжетпес сазы» балалардан құралған домбырашылар ансамблі он бір жыл көлемінде талай-талай киелі сахнаға шығып, елдің, қалың көрерменнің көзайымына айналып ықылас, құрметіне бөленді. Облыстан. Республикалық түрлі додаларға қатысып бақтары жанып, Халықаралық байқаулардың үздік бас жүлдесіне, сонымен қатар І орынның иегері атанып, Бурабайдың есімін елге танытты.

Айтпақшы биылғы жылы да Риза Оразбекқызы басқарған оркестр сәуір айында -2024 жылы «Мен де жұлдыз боламын!» деп республикалық байқауға қатысып І орынды иеленді.

Елдің жетістігі, маңдай тер, адал еңбекпен келген ер мінезді қыздың жетістігі. Алдағы Қазан айында Түркия елінде өтетін Халықаралық байқауға жолдама алып келген Риза Оразбекқызы өзінің шәкірттерімен байқауға белсенді дайындалып жатыр. Іске сәт ақжол болсын!

Риза Оразбекқызының жас ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңіріп жатқан еңбегін елі, өнер сүйер қауымы жақсы біледі. Әрдайым жемісті де, жеңісті күндеріңіз көп болып, қазақтың қасиетті қара домбырасын күмбірлете беріңіз өнерлі жан!

Жеңіс Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA