Бурабай ауданы мешітінің ашылғанына – он бес жыл

2008 жылы Бурабай ауданының мешіті ашылды. Бұл бурабайлықтар үшін көптен күткен жақсы жаңалық еді. Иә, содан бері де он бес жыл уақыт өтіпті. Қасиетті мешітіміздің ішінде сан мыңдаған салауат айтылып, азан шақырылып, айлардың сұлтаны Рамазан айында «ауыз ашар» дұғалар беріліп жатыр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламыздағы мешітке, биылғы жылы он бес жыл толып отыр. Осы бір атаулы күнді Бурабай ауданының мешіті сіздермен бірге атап өтпекші.

Жас ұрпақты имандылық жолына тәрбиелеп, мұсылмандықтың алғышартын үйретіп жатқан мешітіміздің атаулы тойына жергілікті исі мұсылман баласы һәм жамағат қолдан келгенше қаржылай көмектесіп, ат салысады деген ойдамыз. Мешітіміздің он бес жылдық тойына арналып жасөспірімдер арасында «күрес», спорттық ойындар өтетіндігін хабарлаймыз.

Құрметті ауданымыздың кәсіпкер азаматтары!

 Атаулы мерекеге Сіздерді барынша үлес қосуға шақырамыз!

Өздеріңізге деген зор құрметпен: Бурабай ауданының мешіті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA