«Күншуақ» жазғы ойын-сауық спорт алаңының оқушыларына, «Өлкетану» пәні арқылы курстан кейінгі іс-шараларды және туған жерді зерттеуді үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесін қамтитын, педагогикалық қызметті курстан кейінгі қолдау шеңберінде «Арман» БЖШО-нда (үшінші ауысым жетекшісі: Назгүл Қаиырбекқызы Газезова) педагог-ұйымдастырушы Гүлден Өмірғалиқызы экскурсия жүргізді. Экскурсияның мақсаты: туған өлкенің табиғаты мен тарихына, оның тарихи-мәдени мұрасына ұқыпты қарауды қалыптастыру. Экскурсиялық әңгіме барысында балалар Щучинск қаласының қалалық саябағында орнатылған «Кеңес өкіметі үшін қаза тапқандардың бауырлас қабірі» обелискі 1950 жылы орнатылғанын білді. Олар бұл обелиск, яғни мемориалдық құрылым ретінде қолданылатын, тік тірек екенін анықтады. Обелисктің биіктігі 10 м., мәрмәр плиталармен және 20*30 см. нақыштаулармен қапталған. Обелисктің авторы сәулетші В.Н. Косяк (бұрынғы Целиноград қаласы). Экскурсия соңында балалар сұрақтарға жауап берді:
– Азамат соғысы қай жылы болды?
– «Коммунизм» термині нені білдіреді?
– Ескерткіш дегеніміз не?
Г.Ө. Шамиғанова,
«Арман» БЖШО-ның педагог-ұйымдастырушысы