Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті. Комиссия мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін үй-жайларды жабдықтауға белгілі бір талаптар қарастырылған. ОСК-нің 2018 жылғы қаулысы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ұсынымдарды бекітті. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру нормалары көзделген. 2017 жылдан бастап ОСК-нің жанында мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы бар. Өткен жылы құрамы кеңейтілді, қосымша өңірлерден мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді. Жарияланған сайлау науқанында біз жұмыс тобының белсенді көмегіне сенеміз. Мүгедектігі бар адамдарды хабардар ету тәсілдерін айқындау, қажетті әдістемелік материалдар дайындау кезінде жұмыс тобының сараптамалық қорытындысы біз үшін өте маңызды», — деді қаулы жобасын таныстырған ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Оның атап өтуінше, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерге мүгедектігі бар азаматтардың саяси-қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы керек.
«Бірінші, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруды, екінші, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдарға ең алдымен дауыс беру құқығын іске асыру үшін сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды қабылдасын. Екінші, мүгедектігі бар адам саналатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына көмек көрсетсін. Үшінші, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігіне тексеру жүргізсін. Төртінші, мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруге арналған учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз етудің қосымша іс-шараларын көздесін», — деді Анастасия Щегорцова.
ЦИК планирует проинспектировать условия для голосования инвалидов
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Члены центральной избирательной комиссии РК рассмотрели вопрос обеспечения условий для голосования инвалидов на выборах депутатов Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Комиссия должна знать, сколько на каждом избирательном участке лиц с инвалидностью, сколько из них передвигаются на колясках, сколько из них невидящих, слабовидящих, сколько из них знают шрифт Брайля и так далее. У нас по инвалидности разные есть страты, это очень тонкая работа. Это та категория избирателей, которая требует особого внимания, безусловно, как избирательных органов, так и государственных органов. Поэтому по закону там есть и большой фронт вашей работы, пожалуйста, обратите на это внимание. Как начнется агитационная кампания, мы поедем с инспекционными поездками. Одно из направлений, на которое мы традиционно будем обращать внимание – это обеспечение доступности к голосованию лиц с инвалидностью. Это очень важная страновая задача», — сказал председатель ЦИК РК Нурлан Абдиров во время заседания.
Также ЦИК рекомендовала предусмотреть возможность выдвижения граждан с инвалидностью кандидатами в депутаты маслихатов и проведения агитации с учетом условий для лиц с инвалидностью.
«При оборудовании помещения для голосования должны обеспечиваться условия для беспрепятственного доступа избирателей, являющихся лицами с инвалидностью, и голосования в нем. Местные исполнительные органы обязаны содействовать избирательным комиссиям в работе по этому направлению», — добавила член ЦИК Анастасия Щегорцова.
По итогам заседания, ЦИК постановила местным исполнительным органам принять меры по оснащению избирательных участков с учетом потребностей избирателей с инвалидностью. Местные исполнительные органы должны оказать содействие избирательным комиссиям в работе по обеспечению условий для голосования прав избирателей с инвалидностью. Министерству труда и социальной защиты населения РК совместно с местными исполнительными органами нужно актуализировать сведения об избирателях с инвалидностью, для которых необходимы особые условия при голосовании.
Выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.