ТМД байқаушылар миссиясы жұмысына кірісті

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының байқаушылар миссиясы елімізде өтетін кезектен тыс Мәжіліс депутаттары сайлауына дайындық және өткізу барысына мониторинг жасауға кірісті. Бұл туралы ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов айтты, деп…

Сайлау қарсаңында 20 өңірде Call орталық іске қосылды

Мәжіліс сайлауы қарсаңында қазақстандықтар өздерін дауыс берушілер тізімінен алдын ала тексере алады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алдымен бұқараны…

Өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізе алады

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттығы сайлауына өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізуге құқылы. Бұл туралы ОСК талдау және коммуникация аппараты бөлімі жетекшісінің орынбасары Әшім Бердібеков мәлім етті, деп хабарлайды…

111 халықаралық байқаушы аккредиттелді, тағы 52 байқаушы ұсынылды

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауы барысын бақылайтын 111 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс…

Дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді

Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер…

12 млн-нан астам дауыс беруші тіркелді

Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҚР Сайлау туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін қалыптастыруы тиіс. Ал аумақтық сайлау комиссиясы акт…

Ерлан Қарин билікті сынаған азаматтардың сайлауға түсетіні туралы айтты

Бұл сайлаудың алғышарты 2022 жылдың наурыз айында, яғни, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланған болатын. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. …

Сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар жүргізе алмайды

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Жанар Бұқанова «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өткізген брифингіне айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. «Конституциялық реформаның кезінде заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес…

Нақты істердің нәтижесі

Успеноюрьев ауылының округіне Николаевка, Райгородок ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Талғат Оспанов. Әкімдердің кезекті есеп беру жиналысы Успеноюрьев ауылында жалғасын тапты. Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов…

Ұрымқай ауылы ажарланып келеді…

Жұлдызы жоғарылап келеді. Кешегі жауған қалың қарды көшеде тазалап жүрген кішкентай ғана трактор, көшені ғана емес-әрбір аулаға жеке тоқталып, қарды үлкен күрегімен көсіп алып, жолдың жиегіне қарай үйіп жатыр. Аз…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.