Қадірлі медицина қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз медицина күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қоғамның қалыпты дамуына және халықтың денсаулығының жақсарып олардың денсаулығына жауапты мамандар үшін әлеуметтік саланың бір тармағы болып келетін ауданымыздағы медицина саласына ерекше көңіл бөліп келе жатырмыз. Жыл сайын бұл саланың қаржылай дамуы өсуде, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, емдеу сауықтыру орталықтарына жаңа технологиялық жолмен заманауи бағыт арқылы диагностикалық емдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, кіші медицина қызметкерлеріне біз қашанда сенеміз, өйткені олар өз істеріне жауаптылықпен қарап, сырқаттанған адамдарға қамқор бола біледі. Ақ халаттылар өздерін кәсіби маман ретінде алдына ем іздеп келген адамдарға көмектесіп, денсаулығын жақсартып, оны қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Сіздердің адал еңбектеріңізді әрдайым жоғары бағалап келіп жеткен төл мерекелеріңіз медицина күнімен құттықтай отырып алғыс айтамыз.

Құрметті жерлестер! Өздеріңізге арналған жылы лебіз, ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар. Сіздер қашанда еңбексүйгіш, талантты, өз ісінің маманы ретінде өмірге де, адамға да махаббатпен, мейіріммен қарайтын жан ретінде құрметтейміз.

Шын жүректен барлық туған-туысқандарыңызға амандық, өздеріңізге, отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, жайлы өмір, жаңа жетістік, еңбекте тек қана жетістік тілеймін!


 Әсет Мұздыбаев,

 Бурабай ауданының әкімі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA