Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі — медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.
«Бірінші байлық – денсаулық», деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар. Әсіресе, еліміздегі әлемдік індетпен күрес жолында тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, адам өміріне араша түсіп жүрген Сіздердің еңбектеріңіз ерлікке пара-пар!
Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!
М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат төрағасы