Щучинск қаласындағы N2 орта мектепте, ұстаздар күніне арналған, салтанатты жиын болып өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, Бурабай ауданының білім бөлімі басшысының м.а. Раушан Күнтуған, аудандық білім бөлімінің жанындағы кәсіподақ ұйымының басшысы Абай Абдрахманов қатысып, жүрек жарды ақ тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ұстаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Қазан айында тойланатын мұғалімдер күні, ауданымызда дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтуде. Ұстаздың еңбегі қашанда бәрінен биік, ұстазсыз өмір тұл. Шәкірттеріне мейірімді жүзбен, жылы жүрекпен қарап, шәкірті өзінен озса, айрықша мақтанатын ұстаздың еңбегі өлшеусіз! Ұстаз дегеніміз ең ұлы мамандық екендігі баршаға аян.
Ұзақ жыл ағартушылық саласына еңбек сіңіріп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, бүгінгі таңда еңбек демалысында отырған ауданымызға қарасты ұстаздарға және мектеп мұғалімдеріне арнап ақ дастархан жайылып, ас берілді.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!..
«Бурабай-ақпарат»