Жыл үздігі — 2023

Қазақ әнінде халық өнерінің әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, танымы, өз заманының үні көркем тауып, қазақ ән өнерінің көнеден келе жатқан нұсқаларының көпшілігі ұлттық дәстүрлі ән өнерінің көшбасшылары Ақан, Біржан, Жаяу Мұса, Ыбырай сияқты бір туар дарын иелерінің мұралары. Дарқан даланы той-думанға бөлеген өзі әнші, өзі жыршы, өзі балуан, өзі батыр ұлдарының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ән өнері, «Ән көңілдің ажары» деген ұлағатты сөзі баршаға аян. Оған жан иесінің әр сәтін ән арқылы әсем безендіріп, нанымды суреттеп, осы күнге жеткен қазақтың бай ән мұрасы мысал бола алады.

Киелі қара домбыра мен қобыздың сүйемелдеуімен айтылатын әндер күрделі ырғақ иірімдерімен ерекшеленеді. Домбырамен тек әннің «төресі» шырқалған.

Осы ұлы дәстүр қазіргі таңда да жалғасын тауып, заманға сай «Әнші ауыл» деген жобамен жыл сайын ән байқауы өтеді.

Биылғы жылы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы мәдениет саласы қызметкерлері мен көркемөнерпаздар ұжымдары арасында байқау өткізді. Оған қатысушы 42 өнерпаз бақ сынады. Бурабай ауданынан төрт номинация бойынша бірнеше үміткер қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімімен Бурабай аудандық мәдениет үйінің «Әнші ауыл» жобасы үздік деп танылды. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің ұжымы «Жыл үздігі — 2023» облыстық байқауының «Үздік креативті жоба» номинациясы бойынша да жүлдегер атанды.

Айта кетейік, облысымыздың клубтық мәдени нысандарын сақтау және одан әрі дамыту, шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен қызметкерлерді қолдау, мәдениет пен өнерді насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, оларды ынталандыру байқаудың мақсаты басты. Аудандық мәдениет үйі ұжымын жеңістерімен шын жүректен құттықтап, оларға шығармашылық мол табыс тілейміз.

Бурабай аудандық Мәдениет үйі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.