Аралас тілді мектептерде қазақ тілін үйрену, білу әлі де басты — мақсат, басты — мәселе. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі-әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өзге ұлтты жас ұрпақтың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру қажет.
Мен қазақ тілі сабақтарымда ойын элементтерін кірістіріп, оқушыларыма әр жаңа тақырып сайын лексикалық қорын молайту мақсатында түрлі ойындар арқылы есте сақтатуға тырысамын. Ойын ойнау арқылы баланың бойындағы ерекшеліктерін, қабілеттерін байқауға болады. Бұл мінездемелерді ескере отырып, соған сәйкес жұмыс жүргізіліп отырады.
Сабақ бойы оқушылардың өзіммен бірге жұмыс істеуіне аса зор мән беріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, ойын технологиясы арқылы тілді үйрету үрдісінде көп жетістіктерге қол жеткізуге болады. Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты- оқушыларды белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын жеткізе алып, өзгенің сөзінің мағынасын, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде көрсетілгендей қазақ тілі сабақтарында шағын ойындар, ұзақ мерзімді дамытушы ойындар, грамматикалық ойындар кеңінен қолданылады.
Арманымыз асқақ. Өзге ұлтты Отандастарымыз қазақ тілін жетік меңгеріп, еліміздің даңқын асқақтатар азаматтардан болса деген мақсатымыз бар.
А. Олжабаева, Зеленый Бор мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі