Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледждің мәжіліс залында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен ауданымыздағы белсенді жастарға арналған алқалы жиын болып өтті.

Жиынға Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Жангелді Төлегенов, Ақмола облысының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Дастан Ермаков қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Жангелді Мейрамұлы өз баяндамасында — Президент әр сөзінде қазақстандық жастарға қолдау көрсету керектігін жиі айтады, жалпы жастардың арасында қоғам өміріне ат салысып, дамуына барынша күш қосып жатқан жастарымыз көп, әрбір жас егеменді еліміздің жарқын болашағы екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан да, осындай ауқымы кең жиындарға қатысып, жастар ортақ тәжірибе алмасып отырса нұр үстіне, нұр болар еді. Бұл жерде құр әншейін басқосу емес, жастардың жұмысқа орналасуы бойынша кеңестер, Ақмола облысы бойынша бос жұмыс орындары бойынша кеңес беру, психологиялық кеңес, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріледі екен. Құптарлық іс. Істеріңізге сәттілік!-деді.

Жиын барысында ауданымызда жастар өміріне белсене қатысып ат салысып жүрген жастар марапатталды.

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA