Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері және сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен Наурыз мейрамы өтті.
сыныптан тыс сабақтар, ұлттық қол-өнер көрмесі ұйымдастырылды, ән айтылып, күй шертіліп мерекелік ойын-сауық өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрімізді ғасырдан-ғасырға қалыбын бұзбай жеткізу және мейрамның маңыздылығын келешек ұрпаққа түсіндіру.
Наурыз мейрамы-22 наурызда тойланатын Ұлы мереке. Қасиеттілігі — бұл күні күн мен түннің теңелетін күні. Ал, Наурыздың 21-і түні даланы Қызыр Ата аралайды дейтін бала кезімізде. Атамыздың тілеуі жақсы болғандығы сонша, әр әулетке бақ пен дәулет тілеушіміз болған.
Мектебіздің «Айгөлек» балабақша орталығының тәрбиешісі Қайржанова Дина Қайроллаевна ата-аналармен бірлесіп аталған іс-шараға белсенділік танытып, керемет дастархан жайып, тәй-тәй басқан балақайдың тұсауын кесіп, үлкендеріміз бата беріп, бүлдіршіндер ұлттық ойын ойнап, би билеп, ән айтып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Мектеп ұжымы Ұлыс күні бір-бірімен сәлемдесумен, тілек айтып, «Наурыз құтты болсын! Ұлыс бақты болсын! Ақ мол болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Пәле-жала жерге енсін!»-деп, бір-бірімізге құшақ жайып, амандастық. Бірлігіміз тіршілікте жалғаса беруіне тілектеспіз! Ұлыс оң болсын!
Осындай игілікті іс-шараның өтуіне ұйытқы болған жандарға алғыс айтамыз.
Ұйымдастырғандар:
№2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік жетекшісі А.М. Турлубаева,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі И.С. Абдрахманова