12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды

Жақында Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.Бұл ретте 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да…

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс

Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлау туралы» Конституциялық заңда…

Депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғары мөлшері жарияланды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина депутаттыққа кандидаттарға қайырмалдықтың ең жоғарғы мөлшерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның атап өтуінше, Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды партиялық тізіммен ұсынған саяси партиялар…

ОСК мүгедектігі бар жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайды

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүгедектігі бар адамдардың…

Ақмола облысында мәслихаттарға 249 депутат сайланады

Ақмола облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 249 депутат сайланады. Қазіргі кезде кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әсия Күштаеваның мәліметінше, соның ішінде 16-ы облыстық,…

Сайлау-2023: Сарапшылар депутаттық құрамның жаңаруына қатысты пікір білдірді

2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау өтеді. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясы тиісті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Осы орайда бұл процеске қатысты сарапшылардың пікірін…

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында қалай дауыс береді

Ресейдегі қазақстандықтар 5 қалада орналасқан еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне келіп дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшілікке сілтеме жасап.19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы…

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек

Біздің «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа» негізделген қағидатымыз мызғымайды. Саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне елімізде орын жоқ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Демократия –…

Мәжіліс сайлауында қоғамдық пікірге сауалнама қалай жүргізіледі

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР ОСК…

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! 2023 жылғы 19 наурыз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады. Тізімдерді дауыс беруге…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.