Биылғы құрылтайдың сипаты – өзгеше, мазмұны да – ауқымды
ҚазАқпарат – Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан ғасырлар бойы қазақ халқының маңызды саяси орталығы болып келді. Қазақ мемлекетінің бас қаласы ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды. Көптеген хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ұлан-ғайыр далаға билігін жүргізген. Қара қылды қақ жарған билеріміз түрлі дау-шарға төрелік айтқан. Ел-жұртын береке-бірлікке шақырған. Мұның бәрі еліміздің ерте заманнан бері бір орталықтан басқарылған біртұтас мемлекет болғанын көрсетеді. Сондай-ақ, қазақ мемлекеттілігінің тамыры тым тереңде жатқанын білдіреді», — деді Мемлекет басшысы.
Президент Ұлы Дала төрінде Жошы хан әулеті Кенесары ханға дейін 6 ғасырдан астам уақыт ел басқарғанын атап өтті.
«Тіпті, әлем тарихында мұндай мысалдар көп емес. Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев «Қазақ рухының қағбасы» деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Ұлт тағдыры сынға түскен сәттерде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындаған. Қалың жұрт салиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ерлеріне көш тізгінін ұстатқан. Бір ел, бір халық болып, сыртқы қатерге қарсы тұрған. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондықтанда осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктелетіндігін баса айтты.
«Қанша дәуір өтсе де, ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді. Биылғы құрылтайдың сипаты – өзгеше, мазмұны да – ауқымды. Кешеден бері бірнеше тақырып бойынша жан-жақты, қызу талқылау болды. Құрылтайға қатысушылар Үкімет мүшелерімен пікір алмасты, ойларын ортаға салды. Тың бастамалар көтерді. Президент Әкімшілігі соның бәрін мұқият зерделейді. Ортақ бір тұжырымды әзірлейді. Салмақты ұсыныстар алдағы жұмыс кезінде міндетті түрде ескеріледі. Пікірталасқа белсене қатысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін», — деді Президент.

Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды
Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркі халықтарының түпкі төрі Түркістан қаласында өтіп жатыр. Алқалы жиынға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар қатысып жатыр.…

Пожароопасный период: посещение лесов ограничено в Акмолинской области

В 2023 году в области возникло 33 природных пожара, человеческий фактор — основная причина. Уничтожено более 191 га лесной площади и 700 га растительности. Лесные территории очень опасны, и посещение…

AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің тапсырмасын орындауға байланысты 2022 жылдың 14 наурызынан бастап Ақмола облысында мобильді қоғамдық қабылдаулар басталды. 2023 жылғы 12 маусымда «AMANAT» партиясының Бурабай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы…

Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!

Ардақты ақ халатты абзал жандар! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі - медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде…

Лидеры встретились в «Парусе»

В преддверии летних каникул в одном из живописных мест курорта Бурабай – на территории санаторно-оздоровительного комплекса «Парус», встретились лучшие ученики школ Бурабайского района. Прекрасным поводом собраться вместе, пообщаться с друзьями…

Бурабай ауданы әкімінің Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

  Қадірлі медицина қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз медицина күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қоғамның қалыпты дамуына және халықтың денсаулығының жақсарып олардың денсаулығына жауапты мамандар үшін әлеуметтік саланың бір тармағы…

Бүгінгі сапалы білім — ертеңгі болашақтың кепілі

Инновациялық мектеп-пансионат IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің финалисттерін оқуға қабылдайды. Жыл сайын олимпиадаға шамамен  47 мың үміткер қатысып, тек 200 бала IQanat High School of Burabay оқушысы атанады. Бұдан мектептің білім…

Лето-2023

«Күншуақ» - лучший отдых для каждого ребенка! 2022-2023 учебный год успешно завершен, у большинства школьников позади рубежные и итоговые контроли, а это означает, что настала пора летний лагерей, которые повсеместно…

Лидеры встретились в «Парусе»

В преддверии летних каникул в одном из живописных мест курорта Бурабай – на территории санаторно-оздоровительного комплекса «Парус», встретились лучшие ученики школ Бурабайского района. Прекрасным поводом собраться вместе, пообщаться с друзьями…