Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің тапсырмасын орындауға байланысты 2022 жылдың 14 наурызынан бастап Ақмола облысында мобильді қоғамдық қабылдаулар басталды.
2023 жылғы 12 маусымда «AMANAT» партиясының Бурабай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Бурабай ауданының Савинка ауылында өз жұмысын жалғастырды. Қоғамдық қабылдауда облыстық мәслихат депутаты, Б.Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты А.Мұхамеджанов, аудан әкімінің орынбасары Б.Махметов, «AMANAT» партиясының Бурабай аудандық филиалының төрағасы А.Сейтқазина жарықтандыру, ауыл, кент ішілік жолдары, және қысқы спорт түрлеріне арналған кортқа демеушілік көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштерді қабылдады.
Азаматтардың өтініштері назарға алынып, нәтижесінде келіп түскен өтініштерге ауызша түсініктеме беріліп, мәселелер оң шешімін тапты.