Акмолинцы выиграли Чемпионат Казахстана по MMA FREE FIGHTING

11 наград удостоились акмолинцы, сообщает пресс-секретарь управления физической культуры и спорта Акмолинской области Махаббат Большина. В городе Астана прошёл чемпионат Республики Казахстана по MMA FREE FIGHTING, где выступили свыше 800…

Жаңа Қазақстанның ертеңіне сенім зор

Тұрақтылық бар жерде ертеңге деген сенімнің туы биік, үміті зор болады. Халықтың ұйқысы тыныш, күлкісі күміс болғаны абзал ғой. Кейбі елдерді қарасақ, аспаны бұлтқа оранып, күндіз тұман, түнде бұлтты болып…

Наурыз мейрамы

Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері және сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен Наурыз мейрамы өтті.  сыныптан тыс сабақтар, ұлттық қол-өнер көрмесі ұйымдастырылды,  ән айтылып,…

Көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылуы тиіс!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейтуде көрнекі ақпарат тілінің алатын орны ерекше. ҚР «Тіл туралы» Заңның 21-бабында көрнекі ақпаратты қазақ тілінде қатесіз жазуға міндеттейді. Яғни, көрнекі ақпарат мәтіндерінің түпнұсқа…

Көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылуы тиіс!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейтуде көрнекі ақпарат тілінің алатын орны ерекше. ҚР «Тіл туралы» Заңның 21-бабында көрнекі ақпаратты қазақ тілінде қатесіз жазуға міндеттейді. Яғни, көрнекі ақпарат мәтіндерінің түпнұсқа…

Ораза

Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары сіздерді мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазан айы баршамызға берекелі болсын. Мұсылманның бес парызының алғашқысы Кәлима шаһадат яғни…

Информация о публикациях и мероприятиях в поддержку кандидатов, победивших на выборах в областной
и районные маслихаты

№РегионКоличество комментариев и публикаций в региональных СМИ, постов в социальных сетяхв поддержку кандидата, с поздравлениями и признанием итогов голосования (со ссылками)  В отношении основного кандидата-одномандантника в областной маслихат (ФИО кандидата)В отношении…

Информация о публикациях и мероприятиях в поддержку кандидатов, победивших на выборах в областной
и районные маслихаты

Информация о публикациях и мероприятиях в поддержку кандидатов, победивших на выборах в областнойи районные маслихаты №РегионКоличество комментариев и публикаций в региональных СМИ, постов в социальных сетяхв поддержку кандидата, с поздравлениями…

Бурабай ауданы әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

 Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары! Сіздерді  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Қаншама ғасырдан бері, халқымызбен бірге жасасып, рухымызды көтеріп келе жатқан ерекше мейрам, көктемнің күн шуағы төгіліп, жер дүние мейіріммен…

Поздравление

акима Бурабайского района с праздником Наурыз мейрамы Уважаемые бурабайцы! Сердечно поздравляю вас с великим праздником - Наурыз мейрамы! Испокон веков, отражая духовное величие народа, этот яркий праздник олицетворяет собой непрерывную…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.