Акмолинская область                                                                    20.10.2023

ПРЕСС-РЕЛИЗ Варианты заголовка: В Казахстане запустили масштабную акцию по защите природных и исторических памятников от вандализма – AMANAT «Адал азамат» начинается с сохранения культуры и природы своей страны. «Жастар Рухы»…

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АТБАСАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

Құтқарушы мамандығы әлемдегі ең қауіпті және күрделі үштікке енеді. Адамзатты төтенше жағдайлардан құтқаратын адамдар күн сайын өздеріне қауіп төндіріп, өмір мен өлімнің арасында қабырға тұрғызады. Оларды қорқынышты білмейтін батырлар деп…

Ключи от 65 квартир вручили в Кокшетау ко Дню Республики

В преддверии Дня Республики в Кокшетау состоялась церемония вручения ключей от многоквартирных жилых домов в микрорайоне Сарыарка. Новоселами стали 65 семей, которые ранее стояли в очереди на жилье. В преддверии…

Республика күніне орай Ақмола облысы мектеп директорлары арасында волейболдан турнир өткізілді

Ақмола облысында Республика күніне орай облыс мектептерінің директорлары арасында волейболдан турнир өткізілді, оған білім ордалардың жүз шақты басшылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, мектеп әкімшілігі арасында волейбол…

Қазан айы қарттарға мерекелі ай

Құрметті оқырмандар! Жасы үлкен қарияларымыз! Сіздерді осы қуанышқа толы мерекелі де берекелі аймен құттықтаймын. Осыдан 32 жыл бұрын елімізде қазан айы «Халықаралық қарттар айы» деп бекіткен болатын. Биылғы қазан айы…

ВКокшетау открылся филиал телевизионного канала «MUNARA TV»

В ходе визита в Акмолинскую область председатель Духовного управления мусульман Казахстана Наурызбай кажы Таганулы принял участие в церемонии открытия регионального филиала телеканала «MUNARA TV» в мечети «Науан Хазрет». Главный имам…

«CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасы

Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ұйымдастыруымен  «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты - кітапханалар арасында кітап алмасу, оқырмандар…

Теміржолшы Шырайкүл

«Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы» АҚ-ның Щучинск қаласындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорыны теміржол саласына зор үлес қосып келе жатқан ұжымның бірі екендігі белгілі. Аталмыш кәсіпорнында бүгінгі күні төрт жүзге жуық адам қызмет…

Еңбегінің қызығын көрген қария

ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталып, сүмірейген сүмбіленің соңы тұжырымдалып, құс қайтар уақыт. Алапат соғыстан кейін, елдің еңсесі енді-енді жөнделіп, майданға кеткен сайдың тасындай азаматтар ауыл шетіне ілегіп, уһ деп жатқан мезгіл.…

 Құтқарушылар күніне арналған мереке

1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Содан бері кең байтақ елімізде бұл комитет кеңінен жұмыс атқарып келе жатыр. Сейсенбі күні Щучинск қаласынының орталығында ауданымыздағы төтенше жағдайлар…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.