Аудандық ардагерлер кеңесінің атынан сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңістің -78 жылдығына арналған құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Майдан даласында, тылда қаншама қиындықтар көріп, азаматтық ар-ожданына дақ түсірмей, азаматтық борыштарын адал атқарған сонау соғыс жылдары еңбек еткен жандардың еңбегі, күш-жігері ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысына қатысып, жауды жеңіп, батырлық пен батылдықпен көзге түскен аталарымыздың ерлігі ешқашан ел жадынан ұмытылмайды, өйткені олар азаттық үшін күресіп, жан алысып, жан берісті.
Бұл күні әрбір отбасы дастархан басына жиналып соғыста, тылда еңбек еткен аталарын еске алып, ардагерлерін құрметтеп, мерекемен құттықтап жатады. Бұл күні ерен ерлік, қайрат пен күш-жігер, намыс пен төзімділік дәріптеліп, ұрпақ сабақтастығының жалғасы ретінде қаншама дүниелер айтылады. Осы соғыста қаншама тер төгіліп, қаншама адамның өмірін жалмады. Отан үшін отқа түскен қаһарман батырлар, ашық аспан үшін күресіп, ұрпағы үшін шейіт болды. Біз ерлігімен танылған батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Соғыс адамзат баласына тек қана қасірет пен қайғы ғана сыйлайды. Сондықтан да әлемде, әр елде бейбітшілік болсын тілек тілейміз. Бурабайлық ардагерлерімізді ел жадынан, тарих бетінен ешқашан өшірмей келесі ұрпаққа ерлігін, рухын насихаттау әрбіреуіміздің басты парызымыз.
Біз әрбір ардагердің есімін жаңғыртып, олардың майдандағы ерлігін айрықша құрметпен еске алып, есімізден шығармаймыз! Бүгінгі күні өскелең ұрпағымызға сіздердің жүріп өткен жолдарыңызды, көрген қиындықтарыңызды айтып, бірлігімізді бекем ұстап, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, қуатты ел, мықты мемлекет болуға ұмтылып жатырмыз.
Құрметті ардагерлер отбастарыңызға амандық, мейірім мен сыйластық, махаббат пен келісім арқылы өмірлеріңіз ұзақ болып, жасай беріңіздер! Жеңіс күні құтты болсын!
Ж. СыздықоваБурабай ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы