Мектепте 7 мамыр – Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай әр түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес 1-11 сынып жетекшілері «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқудан және эссе жазудан байқаулар өткізілді. 

Оқушыларға туған жер, Отан туралы патриоттық тәрбие бере отырып, ер азаматтарды сыйлауға, салт-дәстүрді сақтауға байланысты көптеген ақпараттар берілді. Патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды, постерлер қорғалды.

Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, өнерлі, тапқыр, мәдениетті парасатты, өз елін сүйер жігіттер сайысы өтті. Таусылмас бақыт, мол ырыздық тілейміз.

Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

7 мектеп-лицей әкімшілігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA