Менің атамның әкесі Махметов Адайбек Ұлы Отан соғысына қатысты. 1942 жылдың 25 тамызынан бастап, 1945 жылдың 8 наурызына дейін екінші Украина майданының атқыштар дивизиясында жаумен шайқасқан. Осы уақыт ішінде Сталинград қаласын, Ржевский қаласы, Украинаның астанасы Киев қаласын жаудан азат етуге қатысқан. Үш рет жарақат алған, қан майдандағы ерлігі үшін ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

1945 жылдың басында Кенигсберг қаласының түбінде болған шайқаста аяғынан ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Сол жерде сегіз ай емделіп, ІІ дәрежелі мүгедек соғыс ардагері ретінде әскер қатарынан босап, елге қайтады. Соғыстан кейін, біздің әжемізге үйленіп, үш ұл, бес қыз тәрбиелеп өсіреді. Транспорт мекемесінде қызмет етеді. Бірақ соғыста алған жарақаттары ушығып, 1984 жылдың тамыз айында дүниеден озды.

Елі мен жері үшін маңдай терін төккен атамыздың ерліктерін әрқашан мақтан етемін. Отбасымызбен 9-мамыр күні үлкен шаңыраққа жиналып, атамызды еске алу дәстүрге айналған.

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай атамыздың еліне сіңірген еңбектерін еске алып, бізге бақытты өмір сыйлаған атамызға барлық немере, шөбере атынан бас иіп, рухына тағзым етеміз!

№7 мектеп-лицейінің 3 «А» сынып оқушысы

Болат Саян (Махметов Адайбек шөбересі)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA