Ұстаз. Осы сөздің төңірегіне бойласаң, терең ой жатыр. Ұстаз — әрқашан мейірімді, жан-жақты дамыған, ардақты адам. Әріптесіміз жайлы сыр шертсек, Рахимжанова Қайнижамал Кенжебаевна 2003 жылдан бері Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Өз ісіне өте жауапты, білімі мен адамгершілік қасиеттерімен ортамызда сыйлы. Мінезі ақжарқын, ісіне адал, ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл адам. Әр шәкіртінің шыншылдығына, ұстамдылығына өз бағытын көрсете біледі. Ардақты ұстаз, асыл ана, мейірімді әже үнемі балалардың қамын ойлап тынбай еңбек етуде. Ол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, ұстаздың тәлім-тәрбиесі мен білімін бойларына сіңіріп өскен шәкірттері жетерлік. Олардың алды бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде білімді де білікті маман иесі атанып, ұстаз абыройын асқақтатып, мерейін үстем етуде. Ұстазға ең маңыздысы, баға жетпес байлығы — шыңға шыққан шәкірттері . Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Құрметті де қадірлі Қайнижамал Кенжебаевна деніңізге саулық, шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Кәсіби мерекеңіз құтты болсын! Мерейіңіз үстем болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA