Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретудан балаға…
Абай
— Менің ағам шопыр болған, — деп бастайды әңгімесін. Ұжымдағы ардагер ұстамызды қоңырау арасында ұстап алып, әңгімеге тартуға асығамыз. Аузынан шыққан әрбір сөздерін маржан тергендей тізбектеп аламыз. Еңбек жолының қалай басталғанын, ұстаздық жолға қалай келгенін айта бастағанда оқиға оқиғамен түйіскенше тағатсыздана тосамыз. Сөз мектебіміздің физика мұғалімі жайында. Бүгінгі таңда осындай ұстазбен бір ұжымда қызмет атқарып келе жатқанымызға өте қуаныштымыз.
Садуов Әлім Қабзалиұлы 1960 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Менжинский совхозында дүниеге келген. Жастайынан өте зерек, алғыр да білім сүйгіш Әлім үш жасында ГАЗ-51 көлігін тізгіндеп те үлгерген. 1977 жылы 10 жылдық мектепті аяқтап, Көкшетау қаласындағы, сол кездегі Шоқан Уәлиханов атындағы педагогикалық институтының физика мамандығы факультетіне түскен. Алғашқы еңбек жолы 1981 жылдың қыркүйегінде Ақжар ауданына қарасты Ащыкөл орта мектебінен басталған. 2013 жылдан бастап Бурабай ауданында қызмет етіп келеді. Ұстаздық саласындағы жалпы еңбек өтілі 42 жыл.
Әлім ағай — талантты ұстаз, шығармашыл тұлға. Өзінің физикаға деген махаббаты соншалық техникалың тілін, табиғаттың тылсым құбылыстарын, санмыңдаған шексіздіктер мен физикалық теңеулерді қазақ және орыс тілді аудиторияда емен-еркін жеткізе біледі.
Ардагер ұстазымыз физика мен матиматикаға қоса өнерден де кенде емес. Кез-келген отырыстың үні, мерекенің көркі, ұжымның ұйытқысы әрі ақылшысы — Садуов Әлім Қабзалиұлын «Мұғалім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әріптесімізге зор денсаулық, баянды ғұмыр, отбасына береке, қуанышқа және шаттыққа толы бақытты сәттер тілейміз!