Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттеріне білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін дамытуда ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы — жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы — мектеп десек, мектептің басты тұлғасы — мұғалім.
«Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам — мұғалім.
Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде ұлағатты ұстаз ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Нұршарипова Гүлира Мұхамеджанқызы қызмет етіп келеді.
Гүлира Мұхамеджанқызы — ұлағатты ұстаз ғана емес, екі ұл мен қыз тәрбиелеп отырған — аяулы ана, немерлерінің сүйікті әжесі. Қазіргі уақытта мектебіміздің арасында сыйлы, ұлы ұстаз, үлгілі келін тәрбиелеуде.
Жаңа педогогикалық технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңашылдығы ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады. Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады. Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
Жыл сайын семинар ағылшын тілін оқыту бойынша жинақтаған педагогикалық тәжірибесімен бүкіл аудан және облыс мұғалімдерімен бөліседі. Оқушылары жылда ағылшын тілі пәнінен олимпиадаларға және сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Сыныпқа жетекшілік еткен 2021-2022 оқу жылының 11-сынып түлектерінің ішінен 2 оқушы «Алтын белгіге» ие болса, 2 оқушы мектепті үздік аттестатпен тәмамдап, грант иегерлері атанып, шет елдің жоғары оқу орындарына түсті. Өткен оқу жылында оның оқушысы Қазақстанның 1000 дарынды балаларының қатарына кірді, олимпиада бес пәнді, оның ішінде ағылшын тілін қамтыды.
Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты — өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Бүгінгі мұғалімнің оқыту мен тәрбелеудегі басты міндеті — әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіндік сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасау екенін әріптесіміз бүгінде өз ісімен дәлелдеп отыр.