Қарашілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде көп жылдардан бері оқушыларын білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстаздардың бірі- қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Махметова Күнсұлу Төбетовна. Аталмыш мектепте 30 жылдан аса еңбек етеді. Алдынан қаншама білімді оқушылар қанаттарын қақты. Сонымен қоса, шәкірттері- пән олимпиадаларының, қазақ тілі мен әдебиетінен Жарқын болашақ олимпиадасының, түрлі аудандық конкурстардың жеңімпазы. Түркі әлеміне мәшһүр Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын — ұстаздікі» дегендей, ұстазға деген құрметті осы бір сөздің өзінен-ақ аңғаруға болады. Осындай ұлы істің, қызығы мен шыжығы мол мамандықтың иесі болу — үлкен бақыт. Жас ұрпақты тәрбиелелеуде, бойына ана тіліне деген махаббат ұялатуда өз еңбегімен көзге түсіп жүрген ұстаз. Сонымен қатар аяулы да сүйікті ана. Әріптесімізге кәсіптік мерекесі құтты болып, еңбекке деген құлшыныс, өмірге деген қызығушылық ортаймасын деп тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA