Махамбетова Күлзейнеп Хамиевна Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ол көп тілді игерудің маңызы зор екенін шәкірт санасына жеткізу арқылы мәдениеттіліктің жоғары сатысына көтерілуге болатынын балаларға баса айтады. Тіл арқылы дүниетанымды кеңейтіп, білім қоржынын толықтыруға болатынын шәкірттері жақсы түсінеді. Еліміздің болашағы — жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін жас ұрпақ санасына сіңіріп, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаздардың бірі. Мұғалімнің негізгі мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық қабілеттерін дамыта отырып, білім сапасына қол жеткізу. Бүгінгі таңда Күлзейнеп Хамиевнаның шәкірттері сан-салада қызмет ете отырып, алған білімдерін өмірде аса біліктілікпен қолданып жүр.

Сонымен қатар, ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым арасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табыса білетін ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Күлзейнеп Хамиевна заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де білікті ұстаз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA