Златополье ауылы тоғыз жолдың торабында тұрған ауылдың бірі. Округке Златополье, Савинка, Обалы, Түлкілі, Лесной Хутор ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Сәкен Сипульдин. Әкімдердің кезекті есеп беру жиыны өтті.

Жиынды ашып, жүргізген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев осыдан үш ай бұрын, жергілікті халықпен кездескендігін айтып, тағы да кезекті есеп беру кездесуіне келіп отырғандығын алға тартты.  Өткен жыл сіздердің ауылдарыңыз үшін, әсіресе округтарыңыз үшін жемісті жыл болды десек те болады. Өткен жылы спорттық ойын алаңдары салынып, округкке қарасты ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп толыққанды күрделі жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы ауылдарыңызға Мәдениет үйін саламыз деген жоспарда бар. Алдымен алдағы Мәжіліс сайлауында сайланатын депутаттар  бөлінетін қаражатты есептеп қарап, Экономика Министрінің шешімінен кейін инфрақұрылымды одан әрі дамытамыз. «Бурабай» 2007 ЖШС-і жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр, жерден алатын пайды толық алдыңыздар, барлығының есебін алып қарап отырмыз. Ауыл алаштың алтын бесігі, алдағы уақытта баяғы бойкүйездіктен арылып, елдің еңсесін көтеруге бағытталған түрлі бағдарламалар жұмыс істей бастайды. Соның ішінде ауылдық елді-мекенге арналған несие рәсімдеп пайыздық үлес аз, мүмкіндік болып жатса мал өсіріп, көкініс егіп, дәнді-дақылдарды өсіруге мүмкіндік туып тұр,-деді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев.

Жиын барысында Златополье ауылының тұрғындарының тарапынан ешқандай сұрақтар жолданбады.  Демек, осы күнге дейін айтылып келген көкейтесті сауалдардың барлығының жауабы табылып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді деген зор сеніммен аттандық.

                                                                                     Жеңіс Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA