АНК сыграла важную роль в политической модернизации страны – Президент РК

Ассамблея народа Казахстана сыграла важную роль в политической модернизации страны и укреплении общенационального единства. Об этом заявил Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, передает корреспондент МИА «Казинформ». «В ходе масштабных преобразований особое…

Ассамблея жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды — Президент

Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге ықпал етті. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Президенттің айтуынша, еліміздегі ауқымды түрлендіру…

Мир и согласие не должны быть пустыми лозунгами – Президент

Президент РК Касым-Жомарт Токаев напомнил о важности единства многонационального народа Казахстана, передает корреспондент МИА «Казинформ». «Мы говорим о том, что без единства и стабильности политические и экономические реформы невозможно осуществить.…

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздік пен аумақтық тұтастығымыз бәрінен қымбат

Елде бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса,…

Пожароопасный период в Акмолинской области: подготовка и безопасность

С начала года в области зарегистрировали 5 случаев лесных пожаров. По сравнению с прошлым годом увеличилось в 2,5 раза. Об этом на брифинге рассказал заместитель начальника управления государственного пожарного контроля…

 Весенний сев в Акмолинской области начнется 15 мая

— Весенний сев в Акмолинской области, по традиции, начнется 15 мая и продлится до начала июня. О том, как будет проходить посевная кампания в текущем году, на прошедшем брифинге сообщил…

Алаш ардақтысы — Мұхаметсәлім Кәшімов

Оқып қал, Әй балалар, жас шағыңда, Оқуға уақыт кеңдік бар шағыңда, Ендігі заманға оқу керек Оқусыз өнер сатқан адам бар ма? Пайғамбар хақ, алланың бір біліңіз. Орысша, мұсылманша тіл біліңіз.…

Аудандық мәслихаттың сессиясы

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ІІ сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімі, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың хатшысы М. Нұрпанова ашып жүргізіп, Күн тәртібінде «Щучинск қаласында 2022 жылғы…

Жаhандық құзыреттілік — уақыт талабы

Жаһандық құзыреттілік (ЖҚ) дегеніміз - жергілікті, ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және бағалау, әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен…

Вы пропустили

95 млн деревьев высадят в Акмолинской области к 2027 году

Ақмола облысы құс еті және жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасында
Ақмола облысы Агроөнеркәсіптік кешендегі өз позициясын нығайтып, құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстанның көшбасшылары қатарынан көрінді. Сонымен қатар, өңірде сүтті және етті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі де артқан. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасының іске қосылуының және «Ақ Дала Агро» қуатының артуына байланысты Ақмола облысының құс етін өндірудегі республика бойынша үлесі 30 пайызды құрады. Мұнда жыл сайын шамамен 125 мың тонна құс еті өндіріледі. Сонымен қатар, аймақ жалпы республикалық көлемнің 16 пайызын қамтамасыз ете отырып, тауық жұмыртқасын өндіру бойынша елдегі бірінші орынды иеленеді, бұл жылына 700 млн данаға тең.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басым бағыттарының қатарында сүт және етті мал шаруашылығы бар. Қазіргі уақытта жалпы саны 2,4 мың басы бар 46 ет фермасы, сондай-ақ 36,5 мың басқа есептелген сегіз ірі бордақылау алаңдарынан тұратын желі жұмыс істейді. Сүт саласында жалпы саны 15 мыңнан асатын 57 мамандандырылған ферма бар.
«Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 6 мың басқа арналған жеті ірі тауарлы-сүт фермасын құру жұмыстары жалғасуда. Бұл тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Целиноград ауданында «АФ Родина» 1,1 мың басқа және «Али Дала» 1,5 мың басқа, сондай – ақ Аршалы ауданында «Temir Agro» 600 басқа арналған үш тауарлы — сүт фермасы пайдалануға берілді», — деді басқарма басшысы.
Облыс бойынша мал қыстату үшін қажетті бір жарым жылдық шөп қоры дайындалды.
Жыл басынан бері өңірде тірі салмақта 146 мың тонна ет, 184 мың тонна сүт және 526 млн тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл көрсеткіштер өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты өсуін білдіреді.
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жақсы дамып келеді. Қазіргі уақытта 67 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның 16 ет өңдеумен, 15 сүт өңдеумен, 28 ұн тартатын кәсіпорын, ал 8 майлы дақылдарды өңдеуге маманданған.
Жыл басынан бері азық-түлік өндірісі 4,8 пайызға артты. Әсіресе сүт, өсімдік майы және ұн өндірісінің өсуі байқалады.
«Мемлекет басшысы алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік сектордағы қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Осы мақсатқа жету үшін өңірде 80 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Биыл 17 жоба іске асырылып, инвестиция тарту жұмыстары жалғасады», — деп атап өтті Кенеш Әлімжанов.