Өткен аптада аудан әкімі, ауданымызға қарасты бірқатар елді-мекендерді аралап, халықпен кездесті. Златополье ауылынан кейін, келесі күні Абылай-хан ауылына ат басын бұрды. Абылайхан ауылдық округіне Ақылбай, Қарабауыр, Жанқара, Озерный ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Жеңіс Көбенов. Абылайхан ауылының мектебінде кездесуден ауыл тұрғындарының сұрақтарының көпшілігі, қаңғыған ит пен жер мәселесі көтерілді. Соңғы жылдары «ит атуға» ауыл ішінде болсын, қалада болсын, заңды тұрғыдан шектеу қойылып отыр. Бұл жалғыз бір ғана ауылда емес-барлық деңгейдегі өзекті мәселе болып отыр. Ал енді ауылдың жеріне қожалық жасап отырған «Есіл» ЖШС-нің мәселесіне келетін болсақ, жер банкте кепілде тұрғандықтан, бүгінгі күні сотқа іс жолданып, арнайы қызмет өкілдері айналысып жатыр,-деді аудан басшысы. Аудан әкімі Абылайхан ауылдық округінде атқарылатын міндеттерді айтып, жиналғандарға түсіндірді.
Қатаркөл ауылы. Ауыл әкімі Мереке Құсайынов. Ұлт пен ұлыстың баласы өмір сүріп жатқан ауылдың инфрақұрылымы айтарлықтай дамыған. Мектебі жаңарған. Аудан әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімі орынбасары Бекахмет Махметов, бөлім басшылары қатысқан кезекті есеп беру жиынында, аудан басшысы бүгінгі таңда аталмыш ауылға бөлініп жатқан қаражат жайлы есеп беріп, жоспарымен бөлісті. Жалпы тоғыз жолдың торабы саналатын ауылдың ішкі және сыртқы келбеті жыл өткен сайын жаңарып, жасару бар. Бұрынғыдай көкейтесті сауалдар халық тарабынан жолданбады. Тек ауыл ішін қаңғырған иттердің қаптап кеткендігі жайлы ғана айтылды. Жалғыз бір ғана ауылда емес, барлық өңірде, республикада көтеріліп жатқан мәселе, алдағы уақытта қаңғырған иттерді жинап, асырайтын арнайы орын ашылады. Заң бойынша бір үйге бір ит, бір мысық ұстау керек. Көбейтудің қажеті жоқ. Ал енді иттердің иелері анықталатын болса, ауылдық учаскеліп инспектор әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл толық құқығы бар,-деп түсіндірді. Есептік кездесу ұзаққа созылған жоқ. Қатаркөлдіктер тарапынан сауалдар жолданған жоқ.
Бурабай кенті. Кент әкімі Сабыр Жалмұқанов. Туристік аймақ болып табылатын Бурабай кентініне келіп-кетпейтін адам жоқ. Жазғы маусымдарда адам көп шоғырланатын кент жыл өткен сайын даму үстінде. Өйткені, жер жаннаты атанған Бурабай заманға сай, уақыт талабымен көз тартатындай келбетте болуы керек. С. Сейфуллин атындағы орта мектепте өткен, жергілікті әкімдерді халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов, аудандық бөлім басшылары, прокуратура өкілдері қатысты.
Алдағы бес жылда Бурабай кентінің инфрақұрылымы айтарлықтай дамиды. Жаңадан қосымша мектеп, қоғамдық монша салынады. Қазірдің өзінде бірқатар жаңа нысандар бой көтеріп, даму үстінде екендігін көріп отырсыздар,-деді аудан әкімі. Осыдан үш ай бұрын сіздермен жолығып қанша бөлінетіндігі жайлы айтып екжей-текжейлі айтқан болатынбыз. Кездесуіміз диалог ретінде өрбітейік,-деген соң. Халық тарапынан сауалдар жолданды. Тағы да қаңғырған ит мәселесі. Көше қаптаған ит. Қазір көктем айы келе жатыр.Бұлар тағы да көбейеді. Балалар мектепке барады, қауып алса кім жауапты?-деп сұрады кент тұрғыны.
Өткен аптада иесіз иттерді арнайы мамандар ұстап, облыс орталығына жіберді. Жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар Щучинск қаласының іргесінен биыл иттерді бағатын арнайы мекеме ашылмақ деп жауап берді. Жалпы жоспар бойынша Бурабай кентінің дамуы айрықша болғалы тұр,-деп сендірді аудан басшысы. Жиын барысында көкейтесті сауалдар жолданған жоқ.
Зеленобор селосы. Округ әкімі Мәди Баженов. Зеленобор ауылының Мәдениет үйінде өткен жергілікті әкімдердің кезекті есеп беру жиынына қатысқан Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов, аудандық бөлім басшылары жиынға қатысты. Жиын диалог ретінде өрбіді. Осыдан бір маусым бұрын сіздермен кездесіп жүздескенбіз. Қазіргі таңда бұл округке Қымызнай, Жаңаталап, Мәдениет, Наурызбай, Малбаза ауылдары кіреді. Ауданымыздағы ең үлкен округ болып саналатын ауылдың бірі.
Диалог ретінде өрбіген кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс, тілектері, сұрақтары көп болды. Малбаза ауылынан келген әжей, қаншама жылдан бері, келе жатқан мәселенің бірі ол ауызсу, бізге қашан су келеді екен, осы мәселені ұзатпай шешіп берсеңіздер екен?-деп сауал жолдады.
Биылғы жылғы жоспарда бар. Бұл мәселені білеміз. Жалпы ауыз сумен қамтамасыз қылу үкіметтін басты назарында. Алдағы сайлаудан кейін жаңа Парламент жасақталып, сол жерде республикалық бюджеттің шешімімен біраз ауылдарға қомақты қаражат бөлінеді,-деді аудан әкімі. Жиын барысында басқа ауылдарда қаңғыған иттерді ату керек деп жатса, осы ауылдың тұрғыны.
— Өткен аптада иттерді жинап алып кетіпті. Сіздерге рұқсат кім берді, мүмкін апарып атып тастадыңыздар, қағаздарыңыз бар ма?-деп сұрақ қойды.
Аудан басшысы. Иттерді атқан жоқ. Қаңғып иесіз жүрген иттерді жинап арнайы орындарға өткізіп жатырмыз деп түсіндірді. Жиын барысында сұрақтарға, тұщымды жауаптар қайтарылды.
Кенесары ауылы. Ауыл әкімі Әлімжан Ахметов. «Кенесары-Астық» ЖШС-нің ғимаратында өткен кездесуге Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қатысты. Сонымен қатар аудандық бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Тоғыз жолдың торабында тұрған Кенесары ауылының жағдайы да көңілге қонымды. Әйтеуір жол үстінде тұрғандықтан күні-түні тіршілік белгісінің айқын екендігін аңғаруға болады. Аудан әкімі өткен жылды қорытындылап, ауданымыз бойынша атқарған істерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, Кенесары округіндегі атқаратын жоспарымен бөлісті. Жалпы қазіргі таңда ауылдық елді-мекендерді дамыту мәселесін мемлекет қолға алып жатыр. Сонау тоқсаныншы жылдары тоқырап қалған ауылдар уақыт көшімен алға жылжып, жетістіктерге жетіп жатыр. Ауылда мәселе жеткілікті, оны барлығымыз білеміз,-деді аудан басшысы.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының негізгі сұрағы жем мәселе болды. Ауылымызда Элеватор бар. Осы Элеватордан ақшамызға сатып жем ала-алмаймыз. Осыны біржақты қылып шешіп берсеңіздер,-деді.
Элеватордың атқарушы директоры денсаулығына байланысты жиынға қатыса алмағандықтан, бас есепші келіп мән-жайды түсіндірді. Өзіміздің жұмысшылардың еңбекақысына қаратып жем береміз. Ал енді біздегі астық қоймасында тұрған астықтың барлығы әр жерден келген фермерлермен келісімге сақталатындығын көпшіліктің есіне саламыз, ал бұл сұрақты атқарушы директормен келісіп, алдағы уақытта шешімін шығаруға тырысамыз,-деп сендірді.
Ауыл тұрғындары түз тағысы қарсақтың қаптап кеткендігін айтып қынжылды. Былтырғы жылы қаз, үйрегімді қырып кетті. Көшеде күшігін ертіп емін-еркін жүреді. Учаскелік инспекторға айттық. Әзірге нәтиже жоқ дейді.
Учаскелік инспектор, заң бойынша ауылдың ішінде мылтық атуға болмайтындығын айтып жеткізді. Кенесары ауылының тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға, тұшымды жауаптар қайтарылды.
Атамекен ауылы. Ауыл әкімі Қанай Есекей. Бүгінгі күні бұл ауыл уақыт талабымен ерекше тыныс алып, көркейіп келе жатқан ауылдың бірі. Атамекен ауылының орта мектебінде өткен, жергілікті әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне аудан басшысы Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов, бөлім басшылары, Бурабай аудандық прокурорының орынбасары қатысты. Аудан әкімі Атамекен ауылының алдағы жоспары жайлы, бюджеттен бөлінетін қаражат жайлы айтып, осыдан үш ай бұрын жергілікті халықпен кездескендігін, сол кезде атқаратын жұмыстар жайлы толыққанды айтқандығын көпшілікке жеткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындарынан сұрақтар жолданған жоқ.
Щучинск қаласының тыныс-тіршілігі
Қала әкімі Олжас Нұрмағанбетов осы күнге дейін қаланың бірқатар аудандарында жергілікті тұрғындармен кездесу жасағандығын көпшіліктің есіне саламыз. Дүйсенбі күні Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың қатысуымен кезекті есеп беру жиыны өтті. Былтырдан бері қаланың инфрақұрылымы дамып, қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Аялдамалар жаңаланып, пандустар қойылып, біраз ауқымды шаруалар атқарылуда. Биыл қаншама қар тазаланып, тысқа төгілді. Алдағы уақытта аудан орталығы Щучинск қаласы бұдан әрі даму үстінде болады,-деді аудан басшысы. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға, нақты жауаптар қайтарылды.
Р.S. Ауылдарды аралап келдік. Көзімізбен көрдік. Ауылдарға керегі малының жайылымдық жері, шабындық жері. Қырда отырып мал өсіріп отырғандықтан ағайынның басты сұрағы осы болды. Ал енді иесіз иттерге келетін болсақ, жалғыз біздің ауданда ғана емес-ит мәселесі республикалық деңгейдегі мәселеге айналып отыр. Әр жерден жануарларды қорғайтын ұйымдар құрылып бақылауына алып отыр. Бұны да алдағы уақытта күрделендірмей шешеді деген сеніміздеміз. Бастысы сенім болсын! Сенім болған жерде сергек боламыз!