Партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы

14 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы сайлау науқаны шеңберінде екі отырысы өтті. Отырыстарда 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Ауыл»…

ОСК «Ақ жолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық патиясы 54 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімге…

ОСК тағы 12 байқаушыны тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 12 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық…

ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат…

Сайлаудың жаңа форматына қатысты саясаттанушылар пікірі қандай

19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарының кезектен тыс сайлауының жаңа форматы Қазақстандағы саяси жүйенің демократиялануының көрсеткіші саналады. Мұндай пікірді саясаттанушылар мен сарапшылар білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат…

ОСК Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Партиялық тізімге әйелдер, жастар…

Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың дауысы үшін күреседі

Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың дауысы үшін күреседі. Мұндай пікірді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сарапшы алда өтетін Мәжіліс пен…

Саясаттанушы алдағы сайлауға қатысатын партиялар жөнінде пікір білдірді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс депутаттарын сайлау науқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алдағы сайлауға қатысты қазір қандай да бір болжам айту қиын. Бұрынғы брендпен және бұрынғы басшылықпен сайлауға…

ОСК ең көп кандидат тіркелген окургті атады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады. Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси…

Шетелдік 37 байқаушы тіркелді

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында сайлауға қатысуға тіркеліп жатқан шетелдік байқаушылар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғалы бері ОСК бір шет…

Вы пропустили

Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды — Е.Көшербаев
Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет есебін тыңдады.
Бұл зерттеу жұмысы «AMANAT» Фракциясының ұсынымын іске асыру шеңберінде 6 бағыт бойынша жүргізілді. Беделді ғалымдар мен сарапшылар, ғылыми институттар тартылды. Зерттеу барысында географиялық параметрлері ұқсас әр түрлі мемлекеттің тәжірибесі назарға алынды.
Депутаттар алдында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйледі.
– Салыстырмалы талдау жұмысы Еуропадағы көптеген дамыған елдерде Қазақстанға ұқсас таң ату және күн бату мерзімі бар екенін көрсетті. Аталған мемлекеттер осындай жағдайда белсенді дамып келеді. Адами капиталды дамыту бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді қолдай отырып,  оны толық негізделген деп санайды, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол зерттеу нәтижелері бірыңғай уақыт белдеуіне көшу елдегі білім беру процесінің нәтижелеріне теріс әсер етпегенін, сондай-ақ ЖКО мен көшедегі қылмыс жағдайына айтарлықтай әсерін тигізбегенін растады.
Сонымен қатар бүгінде Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне түзету енгізілді. Бұл бастама жергілікті тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты.
Халық қалаулыларының сұрақтарына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Үкіметтің өзге де өкілдері жауап берді.
А. Шаққалиевтің айтуынша, алдын ала деректер халық өмірінің негізгі көрсеткішіне және экономиканың негізгі салаларының жұмыс істеуіне өзгерген уақыт белдеуінің тигізген теріс әсерін анықтаған жоқ.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қадамы денсаулық сақтау саласына оң өзгеріс алып келгенін, аурулар санының төмендегенін атап өтті. Мәселен, жедел жәрдем шақырту саны 0,4%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану көрсеткіші 3,5%-ға, психикалық және мінез-құлық бұзылысы 1,6%-ға, жарақаттану көрсеткіші 3,3%-ға, қатерлі ісіктер көрсеткіші 1,7%-ға төмендегені байқалды. Яғни, уақытты ұтымды бөлу – қоғамдық денсаулыққа оң әсерін тигізуде.
– Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың азаматтардың тұрмысына және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуі тиіс екенін атап өтті. Бүгін Үкімет «AMANAT» фракциясының депутаттарына осы ғылыми зерттеудің қорытындысын таныстырды. Ол ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен өткізіліп, Қазақстанда бірыңғай уақытты енгізу туралы шешімнің ғылыми негізділігін көрсетті, – деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.
Талқылау жұмысын қорытындылай келе, депутаттар Үкіметтің ғылыми-зерттеу нәтижесін қабылдады. Депутаттар зерттеу қорытындысын қалың бұқараға жеткізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар Үкіметке жергілікті билік органдарымен, мәслихаттармен бірлесіп, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуінің маңызы мен ғылыми негізі туралы арнайы түсіндіру жұмысын жүргізуді ұсынды. Бұл жұмысқа ғалымдарды, сарапшылар тобының өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тарту керек. БАҚ пен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық жұмыс ұйымдастыру қажет.
Сонымен қатар, халық сұранысы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, жергілікті жерлерде жұмыс кестесін өзгерту тәжірибесін жалғастыру керек.